Назарбаев жөнсіз той тойлаудан бас тартуға шақырды
2015 ж. 11 ақпан
2359
1
Мега жобалар, түрi өткiзiлiп жатқан мерейтойларды қысқартып, балаларды дұрыстап оқытып, емдеу қажет. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Мерейтойлар өткзудi көпшiлiк жақсы көредi. Мерейтойларды өткiзiп, жиналыстарға қатысып, банкеттерде отырғанды және тағы басқаны ұнатады. Әлемде біз сияқты бірде-бір ел той тойлап жатыр ма? Дүниежүзілік той жасап, жайлауда мыңдаған киiз үй құру мерейтой иесiне не бередi? Мега жобалар, түрлi өткiзiлiп жатқан мерейтойларды қысқартып, балаларды дұрыстап оқытып, емдеу қажет", - деген елбасы осы мәселені қадағалауды вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа тапсырды.
"Ұлы даталарды мерекелеу керек. Мен оларды өткiзудi қолдаймын. Ендi ата-бабасының мерейтойын өткзетiн болса, өткiзсiн ағайындар жиналып... Демеушілер өткiзсiн... Ешкiм қарсы емес. Тек неге мемлекет қаржысынан, жұрттың салығынан жасау керек оны?", - деп толықтырды өз ойын мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қатаң бюджет саясатын жүргізіп, "барлық жағынан үнемдеуге" шақырды деп хабарлайды Азаттық.
Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда биылғы жылы бюджеттің шығыс бөлігі 70 миллиард теңгеге азаймақ. Бұл сома жалпы шығыс қаржысының он пайызын құрайды. Бірақ Назарбаев шығысты азайту мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелеріне тиіп кетпеуі тиіс деді.
"Мұнай бағасы жүз АҚШ долларынан асып тұрған кезінде басқа да өнімдер, металдардың барлық түрі сатылып тұрды. Жағдайымыз жақсы болып, былай айтқанда жайылып кеттік. Ақшаны оңды-солды, олай да былай жұмсадық. Болды, енді тек бар нәрсеге өмір сүру керек", - деді Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса Қазақстанда түрлі мерекелік шаралардың өтуін де сынады. Ол ысырапшылдықты қоюға, мерейтойлар, Универсиада мен "ЭКСПО" көрмесін өткізуге жұмсалатын қаржыны азайтуға шақырды.