Осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отырған салтанатты шарада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке "жыл адамы" атағы берілді.
Салтанатты шара өнер жұлыздарының шоуымен басталды. Көрермендер опера классикасы мен кросовтар әлеміне ене отырып, халықтың таңдауымен жеңімпаз атанған адамдарды ерекше құрметпен қарсы алды.
Жыл адамы атағы әртүрлі маман иелерінің арасында өткізілген. Тәуелсіз комиссиядан бөлек халық арасында сауалнама жүргізілген.
"Халықтың қалауы" номинациясы бойынша таңдау қала әкімі Ахметжан Есімовке түсіпті.
Жылына бір-ақ рет өткізілетін,әрі көпшіліктің таңдауымен анықталатын бұл шара барысында өзге де маман иелері марапатталды. Жыл таңдауы адамын анықтаудың басты мақсаты - Отанға шынайы қызмет ететін, халықтың алғысын алған адамдарды марапаттау.
Жеке тұлғалардан бөлек халыққа қызмет көрсетіп отырған өзге компаниялар да сынға түсіпті. "Астана Алматы және Атырау қалаларында зертханалар тіркелген. Және Кедендік одақ зертханасы тізіміне енгізілген. Бүгінгі сыйлық Қазақстандағы біздің компанияға сенімін білдіреді", - деді "Қазмұнайгаз" ЖШС сапа бақылау комитеті қызметінің басшысы Ахметбек Сухамберлиев.
Осы уақытқа дейін өткізілген дәстүрлі шара барысында 300-ден астам түрлі қоғам қайраткерлері "Алтын адам" ескерткіші мен "Жыл адамы" атағына ие болыпты. Әлеуметтік сауалнама арқылы анықталатын сайысқа кез келген маман иесі мен халыққа сапалы тауарын ұсынған компаниялар қатыса алады.