Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингіне қатысты өз ойымен бөлісті
2014 ж. 13 қазан
1650
0
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев елімізде жүріп жатқан әкімдер рейтингісіне қатысты өз ойымен бөлісті. Бұл туралы ол жергілікті yk-news.kz сайтына берген сұхбатында айтқан деп жазады NUR.KZ.
"Бұл рейтинг арқаны кеңге салуға мүмкіндік бермейді. Жан-жағыма қарап, басқалардан қалып қоймауға тырысамын. Бірақ кез келген рейтинг нақты істерге құрылуы керек. Мысалы, аймақтағы экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер, статистика дегендей... Әйтпесе, әлдебір шенеунік бір жиын өткізді, әлдекіммен кездесті деп әкімдер рейтинг жасағанымен келіспеймін", - деді Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі рейтингтің мерзімін ұзарту керек деген пікірде.
"Мен рейтингтің 1 айдың қорытындысы бойынша дайындалуына мүлде қарсымын. 1 ай деген өте аз уақыт. Әкімдердің ісін таразылау үшін жарты жыл жеткілікті уақыт деп ойлаймын", - дейді облыс әкімі.
Тамыздағы әкімдер рейтингінде Бердібек Сапарбаев алғашқы ондыққа енген болатын.