Атышулы "Аңыз адам" журналының жабылатыны белгілі болды
2014 ж. 07 қазан
2391
4
Бұған дейін бірнеше соттың есігін тоздырған "Аңыз адам" журналы жабылуы мүмкін. Бұл туралы басылымның 100-саны шығуына орай ұйымдастырылған жиында бас редактор Жарылқап Қалыбай мәлімдеді деп хабарлайды 31 арна.
Оның айтуынша, бір нөмірін Гитлердің өміріне арнаған "Аңыз адам" бүгінде түрлі қыспаққа түскен.
Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалар мен аты аңызға айналған қайраткерлердің өмірінен сыр шертетін басылым 100-санын Мұстафа Өзтүрікке арнапты.
Айтулы оқиғаға орай "Аңыз адам" ұжымы қоғам қайраткерлері мен ел ағаларының басын қосуды жөн санапты. Шара барысында бас редактор Жарылқап Қалыбай бес айдан бері болған бірнеше сот журнал тиражына да, шығармашылық топқа да едәуір әсер еткенін айтты.
"Біздің таралым азайғаннан кейін, табысымыз азайғаннан кейін редакция қызметкерлерін сан жағынан да қысқарттым, жалақы мен қаламақы жағынан да қысқарттық. Қысқартуға мәжбүр болдық",-дейді бас редактор.
Еске сала кетейік, "Аңыз адам" журналы Гитлерге бір нөмірін арнаған соң, үлкен дауға қалған еді.