Қазақстан пара алу бойынша 144 елдің арасында 80-орында тұр

Бейресми төлемдер мен пара беру бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 80-орында тұр. Бұл туралы бүгін 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын талқылау барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Халықтың билікке деген сенімі тұрмыстық жемқорлықтың деңгейімен анықталады. Тұрмыстағы жемқорлық дегеніміз – қарайым азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметті пайдаланғанда күн сайын жолығып жүрген сансыз кедергілер. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің 2014-2025 жылдарға арналған есебіне қарасақ, Қазақстанда бизнес жүргізудің ең басты проблемасы сыбайлас жемқорлық екенін анық байқауға болады. Бейресми төлемдер мен пара беру бойынша еліміз 144 елдің арасында 80-орын алады екен. Осыған байланысты, «Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағдарламасының жобасында бизнестің шынайы проблемасын барынша ашық көрсетіп, оны жою жолдарын ұсынып отыр»,-деді жиын барысында Б.Байбек. «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары хабарлағандай, партия тек бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге оны жүзеге асырудың жыл сайынғы шаралар жоспарын және «Жол картасын» жүзеге асыруды көздер отыр екен.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
BNews.kz