Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин елде белең алған жанармай тапшылығына қатысты жағдай қазанның екінші бөлігінде тұрақталатынын жеткізді.Вице-министрдің айтуынша, Ұзақбай Қарабалин біздегі бензиннің бағасы Қазақстанға алыс және жақын орналасқан 30-40 елмен салыстырғанда, ең арзан екенін де айтып өтті. Сондықтан өзгелерге арзан жанармай орталығына айналмас үшін, біздегі баға да соларға сай болғаны дұрыс дейді.
"Астана" телеарнасына берген сұхбатында ол 2019 жылға таяу Қазақстан мен Ресейдегі бензин бағасы теңесетінін мәлімдеген еді. Энергетика вице-министрінің айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасының төмендігін ресейлік алыпсатарлар өз пайдасына асыруда. Яғни елімізге Ресейден келетін жанар-жағармайдың басым бөлігі қайтадан Ресей нарығында саудаланып жатыр. Сондықтан Қарабалин мырза бағаны бір ізге салу арқылы, пысықай алыпсатарлардың жолын кесуге болады дейді.
"Біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Біздің елдер бір одақ құрып жатыр. Мұндай жерде екі жақта бағада айырмашылық болатын болса, осындай жағдай туа береді. Сол себептен болашақта, мысалы, 2019 жылға дейін екі жақтың бағасын бірдей қылуға тырысамыз", - деді Қарабалин
Қашаған жайы да айтылмай қалмады. Ұзақбай Қарабалиннің сөзінше, 2015-2016 жылдарда мұнай өндірісінің көлемін Қашағансыз-ақ қазіргі қалыпта сақтауға болады.
"Біз Қашағаннан өндірілетін өнімнің орнын толтыра алмаймыз. Біз қазір жұмыс істеп тұрған ошақтардағы жоспарлы өндіріс көлемін ғана жауып жатырмыз. Қазіргі өнім көлемі 2015 жылы да, 2016 жылы да сақталады. 2017 жылға әуелі жетіп алайық. Оны жоспарлаймыз. Қашаған бізге, міне, осы уақытта, осы кезде жұмыс басталады деп айтып тұрған жоқ. Сондықтан қалай жоспарлай аламыз? Бірақ қазір өндіріс көлемін сақтап тұрмыз", - деді Энергетика министрінің бірінші орынбасары.
Источник:
Астана телеарнасы