Арал теңізінің айдыны тұтастай тартылуға жақын
2014 ж. 30 қыркүйек
4876
0
Арал теңізінің айдыны тұтастай тартылуға жақын. Теңіздің Өзбекстан аумағындағы айдыны түгелдей кеуіп қалды.
НАСА сарапшыларының зерттеуі осыны айғақтап отыр деп хабарлайды"Астана" арнасы.
"Биыл Аралдың шығыс бөлігі тартылып, толық жойылды", - дейді Мичиган университетінің географы, Арал теңізі бойынша сарапшы Филипп Миклин.
Бұған себеп - теңіз бассейні бастау алатын Памир тауларына қар аз түскен, жауын-шашын мөлшері де азайған.
"Соның салдарынан Амудариядағы су деңгейі төмендеді", - дейді америкалық зерттеуші.
Айта өтейік, Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің шекараларында орналасқан Арал теңізі 1960 жылдары көлемі жағынан әлемдегі алып теңіздердің төртіншісі болатын. Алайда соңғы 40 жыл ішінде оның ауданы екі есе азайып, су деңгейі 18 шақырымға алыстады.
Судың тұзы көбейіп, ізінше балығы құри бастады.
Кеңес Одағы кезінде "Аралды құтқару" бағдарламалары қолға алынған. Дегенмен қаражаттың жетіспеуінен бұл жұмыстар тоқтатылған болатын.
Аралдың қазақстандық бөлігінде көлшіктер жүйесіндегі суды сақтау үшін, "Кіші арал" жобасы жүзеге асып жатқаны мәлім7