Сатқын Ермек ТАЙЧИБЕКОВ тағы да ұлтымызға қарсы шығуда!!!
2014 ж. 09 қыркүйек
4465
26
Ресейді жақтаушы ретінде танылған Ермек Тайчибеков Facebook әлеуметтік желісінде Новороссияға сарбаздар жинайтынын хабарлады.
Бұл туралы 365info.kz сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ хабарлайды.
Ол өз парақшасында мынадай хабарландыру қалдырған: "Тұрақты әскерге жазылу. Ресей Федерациясы аумағында күтіп алады. Тамақтандырады. Жаңа Ресейге алып барады. Оқытады. Жақсы жалақы. Сыйақы да бар".
Жазбада Тайчибеков өзінің байланыс телефонын қалдырып, жасақшылар көшбасшысымен жақсы таныс екенін де жеткізген.
Хабарландыруда ол "Қазақстаннан шыққан таза қазақтар ерекше артықшылыққа ие, Игорь Ивановичтің қолын алып, Стрелковпен кездесе алатынын" жазған.
Ал еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті бұл жазбаға қатысты қылмыстық іс қозғауға бас тартып отыр деп жазады365info.kz сайтының журналистері.
Бұл - Тайчибековтің дау-дамай тудырған бірінші жазбасы емес. Ол әлеуметтік желілерде Ресей империясының қайта жаңғыруы туралы жиі жазбалар жазып қалдырады. Ол бірнеше рет Қазақстан, Украина мен тағы бірқатар посткеңестік елдердің Ресейге енуін қолдайтынын айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, өзін империяшыл санайтын Ермек ТайчибековҚазақстанды Ресейге қосу қажет деген пікірімен көпшілік наразылығын тудырған болатын. Көптеген қоғам белсенділері Тайчибековті Қазақстанның егемендігіне қатер төндіретін пікірлер айтқаны үшін сынға алды.