Анголада Ислам дініне тыйым салынды

Африканың Ангола мемлекетінде Ислам дініне тыйым салынды. Ислам дінін дін емес, культ ретінде танығандарын мәлімдеген Ангола мемлекетінің басшылығы енді Ислам дініне қатысты барлық дүниелерге тыйым салатындарын ескертті, деп хабарлайды Islam.kz.

Мәдениет министрі Роза Крус Силвияның хабарлауынша, Ислам діні әділет және адам құқығы министрлігі тарапынан заңды деп саналмаған, соған сәйкес осы өлкедегі барлық мешіттер жабылатындығы ескертілді. Тіпті, Луанда аймағындағы екі мешіттің жабылатындығын ескертіп хат жолдаған. Кеше осыған орай бір мешіттің мұнарасын құлатса, екіншісін сүріп тастаған.

http://bnews.kz/kk/news/post/223557/