Тоқаев Газадағы балалар өлімін дереу тоқтатуға шақырды
2014 ж. 11 тамыз
2328
4
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Газадағы балалар өлімін дереу тоқтату керектігін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та БҰҰ (ЮНИСЕФ) Халықаралық балалар ұйымының баспасөз хатшысы Кристофер Тайди Израильдің Газадағы әскери іс-қимылдарының кесірінен қаза тапқан балалар саны бұған дейінгі екі тарап арасында болған барлық қарулы қақтығыстардағы бала өлімінің санынан артып кеткенін айтқан болатын.
Оның мәліметіне сүйенсек, Газада қарулы қақтығыс салдарынан 17 жасқа дейінгі 277 ер, 170 қыз бала өлтірілген. Солардың 68 пайызы 12 жасқа толмаған.