Қадыров Instagram-ға өлі Доку Омаровтың суретін жариялады...
2014 ж. 21 шілде
2073
0
Шешенстанның басшысы Рамазан Қадыров Instagram-ға өлі Доку Омаровтың суретін жариялады. Соңғы жылдары Умаровтың қаза тапқандығы жайлы ақпарат БАҚ-қа он шақты рет шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол бұған дейін де Умаровтың спецопреациялар кезінде қаза тапқанын айтқан болатын. Алайда қарулы күштер ведомствосы мен БАҚ бұл ақпараттың растығына күдіктенген еді.
"Умаровтың өлгеніне сенбейтіндер үшін оның өлі денесінің суретін әдейі жариялап отырмын. Ол ешқашан әскери сарбаз болған емес. Ол әлемде болып жатқан барлық жағдайларды өзінің мойынан алудың маманы еді. Осы жағынан ол Салман Радуевтен де асып түсті. Умаров өзінің баратын жеріне кетті. Енді ешқашан Шешенстанда Умаровтар, Басаевтар, Хаттабтар болмасын. Бұл үшін біздің еркіндігіміз, күшіміз, бірлігіміз жетеді", - дейді Қадыров.
Биылғы жылдың наурыз айында солтүстік кавказдық жасырын ұйым "Имарат Кавказ" өз көшбасшылары Умаровтың қайтыс болғанын ресми түрде жариялады.