Божко зымырандардың ауа райына әсері туралы естімепті
2014 ж. 18 шілде
2727
1
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кейбір экологтардың зымыран ұшыру ауа райына әсер етеді деген пікірлеріне түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Кезінде бір Мәжіліс депутаты болған, ол осы мәселе төңірегінде ылғи жағдайды ұшықтырып отыратын. Менің айтарым, әзірше ешкім де ғылыми түрде ғарыш кемелерін ұшырудың ауа райы мен экологияға қандай да бір әсерін негіздеген жоқ. Дегенмен, кейде зымыран ұшырылғанда, жаңбыр жауып, күн суытып, әйтеуір бірдеңе болатындай (...) Атмосфералық процесстер – бұл өте күрделі табиғи құбылыстар, біздің "Қазгидромет" жұмыс жасауда, қашан да бір құбылысты екіншісімен байланыстыру өте қиын", - деді Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко.
"Мен зымырандар ұшыру мен экология өзгерісін байланыстыратын бірде-бір ғылыми зерттеуді оқыған емеспін. Тек бір жағдайда өзгеріс бар. Ззымырандар ұшыру ауа-райына әсер етеді дегенді, мен естіген емеспін", - деп қосты министр.