Қазақстан Украинадан бас сауғалағандарға босқын мәртебесін бере алатынын мәлімдеді

Украиндағы босқындар Қазақстан шенеуніктерінен көмек сұрап, хат жазып жатыр. Астанада Көші-қон комитетінің өкілдері Украинадағы әскери қақтығыстардан бас сауғалағандар біздің елге келіп, босқын мәртебесін алуына болатынын мәлімдеді

Фото: vse42.ru
Фото: vse42.ru

Шенеуніктер Украинадан ауып, Қазақстанды паналап жатқан босқындар туралы хабардар болғанымен, нақты мәлімет жоқ деп отыр.

Осы уақытқа дейін ақпарат құралдары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығыстардан бас сауғалаған 20 шақты адам Таразға келді деп хабарлаған еді.

Жамбыл облысына келіп жатқан босқындардың арасында сириялық Әлмұхаммед Свейда-Айеш Хасан деген азамат та бар.

Ол "Нұр Отаннан" мамандығы бойынша жұмыс тауып беруін сұраған болатын. Шенеуніктер Қазақстанда 600-ге жуық босқындар паналайтынын айтады. Ал Украинадағы қақтығыстан қашқандар қазақ билігіне хат жазып көмек сұрап жатыр.

Өз елінде қауіп төніп, бас сауғалағандарға шенділер босқын мәртебесін алып, уақытша тұруына болады деп құшақ ашып отыр. Алайда, олардың ішінде ел тыныштығын бұзатын сепаратистер болуы мүмкін деген қатерге ешкім бас қатырып отырған жоқ.

"Украинадағы жағдайлар белгілі. Сондықтан, шынында да өміріне қауіп туып келсе босқын мәртебесін алып, осы жерде тұруына болады", - дейді Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаев. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322025.html

31 арна