Депутаттар әкімнің айтқанын тыңдамады
2014 ж. 15 шілде
1696
1
Петропавлда қала күні қайта ауыстырылды. Еске салайық, былтыр шаһар басшысы Төлеген Закариянов қала күні Петр мен Павел әулиелердің туған күнімен тұспа-тұс келмесін деп, оны тамыздың 17-не белгілеуді ұсынды.
Артынша қалалық мәслихат депутаттарының басым бөлігі атқамінерді қолдап, мереке кейінге шегерілді. Алайда бұл шешім бір-ақ жылға созылған сыңайлы.
Биыл Қызылжардың туған күні әдеттегідей шілденің екінші жексенбісінде тойланды. Ал православ дініндегілердің мерекесі бір күн бұрын, шілденің 12-сі күні атап өтілді.
"Былтыр қалаға жаңа әкім тағайындалды. Осыған орай қала күніне дұрыс дайындалу үшін мерекені басқа күнге ауыстыруды жөн көрдік. Ал биыл мереке, әдеттегідей, шілденің екінші жексенбісінде өтті. Бұған байланысты қалалық мәслихаттың 2005 жылы шыққан арнайы шешімі бар", - дейді Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тана Сүлейменова.