Жезөкшеден СПИД жұқтырған 74 жастағы қарағандылық шал қайтыс болды
2014 ж. 10 шілде
2334
1
Қарағанды облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған 74 жастағы қарт қайтыс болды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Қарағанды облысында АИТВ дертіне шалдыққандардың ішіндегі адамдардың ең үлкені 74 жаста болған. Ауруы асқынған шал көп ұзамай көз жұмған екен.
"74 жастағы шал өзінің қартайғанына қарамастан жезөкшелермен ойнастық жасаған. Ол өзінің зейнетақысының бір бөлігін жезөкшелерге беріп отырған. Сөйтіп АИТВ инфекциясын жұқтырған. Сонымен қатар, одан түрлі тері аурулары да анықталды", - дейді Қарағанды облысы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының баспасөз хатшысы Светлана Могай.
Мамандар соңғы кездері ВИЧ инфекциясына шалдыққан қарттардың көбейіп бара жатқандығын айтады. 2007 жылдан бастап Қарағанды облысында АИТВ вирусы (ВИЧ) 50 жастан асқан адамдар арасында кеңінен таралған. 2014 жылы оның саны 2,5 есе өсіп, жалпы АИТВ-мен ауыратындардың 5,6 пайызын құрап отыр. Осы биылдың өзінде 149 АИТВ жұқтырған 149 адам анықталса, оның 19-ының жасы 50-ден асқан көрінеді.
Айта кетейік, бүгінде Қарағанды облысында 3979 адам АИТВ инфекцисын жұқтырған болса, 843 адам ЖИТС-ке шалдыққан.