Түнгі клуб күзетшілері Артаевтың жайына қатысты көзбен көргендерін айтты
2014 ж. 05 шілде
1896
2
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 8 шілде күні даулы оқиғаға қатысты баспасөз мәслихатын өткізбек, деп хабарлайды Vesti.kz.
Онда чемпион "Fashion клубында Артаев мені ұрып-соқты" деп айыптап отырған Айсұлу Ибрашованың мәлімдемесіне жауап береді. Аталған сайтта оқиғаға қатысты клуб күзетшілері қыздың сөзін жоққа шығарған ақпарат шықты.
"Клуб жұмысын бастап жатқан уақытта, шамамен сағат 10-11 шамасында Бақтияр Артаев достарымен келді. Олар бір үстелде өзара сөйлесіп, демалып отырған. Сол бір уақыт аралығында бір қыздың Бақтиярға жақындағанын байқадым. Ол қызды клубтан бірнеше рет көргенмін, есімде қалыпты. Бақтияр ешкімге назар аудармай, достарымен әңгімелесіп отыра берді. Олар бірін бірі танитын шығар деп ойлап, аса мән бергенім жоқ. Кейін әріптестерім сол қыздың айқай-шу шығарғанын айтты", - деді клуб күзетшілерінің бірі Бақытжан Юсупалиев.
Күзет қызметінің бастығы Бағдат Күмісбеков оқиға кезінде мекемені аралап жүргендіктен ештеңе көрмеген, бірақ ол өз қызметкерлерінің сөзіне сенетінін жеткізді.
Атап өтейік, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған іс бойынша күзетшілер құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдында жауап берген.