Нұрлан Смағұлов: "Жалпақтауды өмір үйретіп жатыр..."

Белгілі кәсіпкерлердің бірі Нұрлан Смағұлов жаңадан тұрғызып жатқан ойын сауық орталығын "Нұр-Плаза" деп атауды ұсынғанымен, президент оған қарсы шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Карандашов Петр

Фото: Карандашов Петр

- Сол "Нұр-Плаза" деп атағымыз келеді. Егер келісім берсеңіз жақсы болар еді. -Осылай жалпақтауды қайдан үйреніп жүрсіңдер? - Өмір үйретіп жатыр... - Жарайды, "Астана-Плаза" болсын. Бірақ әлде де ойланайық.

Айта кетсек, Нұрлан Смағұлов "Форбс" журналаның нұсқасы бойынша еліміздегі ең ауқатты 50 адамның қатарынан еніп, онда 13-орында тұрақтады. Құрылысқа қатысты біраз ескерту айтқан президент сондай-ақ, Ұлттық Қорғаныс университетінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. Оқу орны енді тұңғыш президент - Елбасы атымен аталатын болды. Бұл елімізде ғана емес, Орта Азиядағы теңдессіз офицерлер әзірлейтін университет болмақ.

Бұған дейін оқу орны Шучье қаласында болса, енді тұтас Астанаға қоныс аударады. Мұнда әскерилерге барлық жағдай жасалған. Жатақхана, кітапхана, оқу залдарын айтпағанда ғылыми зерттеу орталықтарына дейін бар. "Ескі жолмен жүріп, құр әншейін тек сапта жүруді  үйретудің керегі жоқ. Басқа академиялардың барлығын көріп жүрміз. Соны мен қараймын. Оқыту бағдарламасы басқаша болуы тиіс", - деген талап қойды жаңа оқу орнына Нұрсұлтан Назарбаев.

NUR.KZ