Вена соты Рахат Әлиевтің түрмеде отыру мерзімін ұзартты!
2014 ж. 23 маусым
2165
0
Венаның соты кісі өліміне қатысты күдікті, Қазақстанның бұрынғы арнайы қызмет басшысы және бұрынғы Австриядағы елшісі Рахат Әлиевтің түрмеде отыру мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz австриялық Heute.at порталына сілтеме жасап.
Түрмеде отыру мерзімін ұзарту заңды болып табылады, өйткені қылмыс жасау бойынша тағылған айып өзгерген жоқ. Қамауға алудың негізін тексеретін келесі сот отырысы бір айдан кейін болады.Портал таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл бұрынғы елшінің екі сыбайласына да қатысты. Бұған дейін Рахат Әлиев Австрияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін екені айтылған болатын.
Австрия заңына сәйкес, егер Рахат Алиев айыпты деп танылса, ол 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін кесілуі мүмкін. Ал Рахат Әлиевтің адвокаты Манфред Айнедтер не болған жағдайда да өзінің қорғауындағы Алиевтің Қазақстанға экстрадициялан-байтынын айтады.
Бақылаушылардың ойынша, Рахата Алиевтің ісі бойынша бірінші сот отырысы 2015 жылдың қаңтарынан ерте болмайды. Мәлім болғандай, айыптуу қортындысы қашан дайын болатыны қазірше белгісіз және оны сотқа өткізу үшін қанша уақыт қажет болатыны да беймәлім.
Сонымен қатар, Австрия заңы бойынша, Рахата Әлиевтің қорғаушылары айыптау қортындысына қатысты апелляция беруге құқылы.
Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы екі банкирдің өліміне қатысты іс бойынша Рахат Әлиевті австриялық прокуратура 5 маусымда қамауға алған болатын.
Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, Әлиев "Нұрбанк" АҚ-ның екі топ-менеджері Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіру факті бойынша айыпталған қылмыстық іс материалдары негізінде қамауға алынған.
Кейінірек Қазақстан Рахат Әлиевтің оппозицияшыл саясаткер Алтынбек Сарсенбаевтың өліміне қатысы бар деген қылмыстық іс құжаттарын Австрияға жіберген болатын. Сондай-ақ, австриялық депутаттар Алиевтің кепілдікке босатылмайтынын мәлімдеген еді.