Бала асырап алу үшін қай жерге хабарласу керек? Қандай құжаттар талап етіледі?
2014 ж. 05 маусым
9101
15
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз және тәрбиелеуге бала асырап алуға тілек білдірсеңіз сізге аталған мәселе бойынша тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүгіну қажет. Баланы асырап алу рәсімін өткізуге жолдама алу үшін Сізге өтінішпен бірге тиісті құжаттарды (баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін, жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы, отбасы жағдайы туралы анықтаманы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге, алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы, сотталмағандығы туралы анықтаманы, тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты, бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындыны) қоса ұсыну қажет. Тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін Сізге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге баланы таңдау және онымен қатынасу үшін жолдама беріледі.
"Алаш айнасы"