Аграрлық саланың 100 миллиард теңгеcін заңсыз иеленген айыпкер бостандыққа шықты
2014 ж. 02 маусым
1597
0
Мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған "Борги" ЖШС-ның директоры, әрі астық себуші "Агрохолдинг Жаңа-Бас" және "Еңбек-нан" компаниясының құрылтайшысы Виктор Богданец бостандыққа шықты, - деп жазады "Экспресс К".
Виктор Богданец өткен жылдың сәуір айында 100 миллиард теңгені заңсыз иеленді деген күдікпен қамауға алынған болатын. Ол сондай-ақ, 2012 жылы "Богви" ЖШС-ның нан қабылдау кәсіпорнында сақтауда тұрған жалпы соммасы 710 миллион теңгеге пара пар "Қазақстандық астық компаниясына" тиесілі астықты оңды-солды жұмсады деп те айыпталған.
Осы жылдың наурызында қаржы полициясы 60 томнан тұратын қылмыстық істі Бурабай аудандық сотына жіберген. Ал өткен аптада аудандық сот кәсіпкерді ірі көлемдегі қаржыны иеленуде алаяқтыққа барған жоқ деп ақтап шықты. Алайда Богданецтің мемлекеттік несиені жөн-жосықсыз жұмсағанын мойындай отырып, жазасын өтеу мерзімін екі жыл шарты түрдегіге ауыстырды. Сот оның үстінен "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстандық астық компаниясы" ЖШС және "ВТБ Банкі" түсірген арызды қараусыз қалдырған. Бурабай ауданының прокуроры Асхат Жақыпбеков қадағалаушы орган шешімді алмағанын, бірақ оны қарап шығуға ниетті екенін мәлім етті.