Бүгін-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еcке алу күні
2014 ж. 31 мамыр
2642
0
31 мамыр күні Қазақстан халқы XX ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алады, деп хабарлайды Bnews.kz.
1997 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ел үкіметіне жыл сайын осы күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп, өткізу тапсырылды.Тәуелсіз Қазақстанда алғаш қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылдың 14 сәуіріндегі "Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" ҚР заңы болды.
Айта кетейік, елімізде 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген.
bnews.kz