Өскеменде 30 жастағы әйелді трамвай басып кетті
2014 ж. 26 мамыр
2198
0
Өскеменде 30 жастағы әйелді трамвай басып кетті, - деп хабарлайды Yk.kz порталы.
Жол көлік апаты аялдама жанында болған. Жолды кесіп өтпек болған әйелді трамвай басып кеткен. Әйел жедел түрде қала ауруханаларының біріне жеткізілді. Алайда үш сағаттан кейін әйел қайтыс болды. Жол көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, дәл қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдың күзінде Өскемен қаласында трамвай 90 жастағы қартты басып кеткен болатын. Ол кезде полиция қызметкерлері анықтағандай, трамвай жүргізушісі жаяу жүргіншіні көрмеген, өйткен ол "көмескі аймақта" кенеттен трамвай жолына шығып кеткен.
tengrinews.kz