Жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан қайтыс болғандар көрсеткіші төмендеді
2014 ж. 20 мамыр
1932
0
Жыл басталғалы алғашқы үш ай ішінде төтенше жағдайлар салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтардың көрсеткiшi төмендедi, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрі В.Божкоға сілтеме жасап.
ҚР парламентi Мәжiлiсiнде басталған Үкiмет сағатында министр Владимир Божко осы мәселе төңірегінде егжей-тегжейлі баяндаған болатын.
Министрдің сөзінше, былтыр ТЖМ қызметкерлері 6748 адамды дер кезінде құтқарып, қауіпті аумақтан 6651 адамды залалсыз жерге көшiріп үлгеріпті. Ал зардап шеккен азаматтардың жалпы саны 3667-ні құрап, алғашқы медициналық көмек көрсетiлген.
"Бүгінде жүргiзілген жұмыс нәтижесi бойынша табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер саны 13,3%-ға, ал көз жұмғандар 15,9%-ға қысқарды", - деді В.Божко Үкімет сағатында.
Тағы бір айта кететіні, 2014 жылдың I тоқсанының нәтижесінде төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандар саны 16,6 пайызға, зардап шеккендер 15,9 пайызға төмендеген.
Биылғы жылы Төтенше жағдайлар министрлiгiнің болашақ мамандарына дәріс оқу және тәжiрибе алмасу үшін елімізге сырттан 17 оқытушы келмекші. Заманға сай тәжiрибе және бiлiм беру үшін Көкшетаудағы Төтенше жағдайлар институты Ресей, Беларусь, Украина ТЖМ оқу орындарынан оқытушылар мен мұғалiмдер шақыртуды ары қарай жалғастырылады.
"Былтыр 15 ғалым елiмiзге ат шалдырған болатын. Осы жылы 17 оқытушыны 2 апта бойы лекция оқуға шақыру жоспарланып отыр", - дейдi министр В.Божко.
Былтырдан бері қыс айларында республикалық жолдарда 14 423 адам апаттан құтқарылғанын министр атап өтті.
"2013-2014 жылы қыс айларында республиканың автокөлiк жолдарында қозғалыс 739 рет жабылған еді. Соның iшiнде 2013 жылы жолдарды жабылуы 478, 2014 жылдың I тоқсанында – 261-ді құрады. Бұл орайда жергiлiктi атқарушы билік, Қорғаныс пен Iшкi iстер министрлiгi және Денсаулық министрлiгінiң бөлiмшелерi, "Қазақавтожол" РМК-мен бiрлесе отырып 14 423 адамды құтқарып, қауiпсiз жерге көшiрдiк. Оның арасында 429 бала болды", - дедi В.Божко.
Сондай-ақ, 5366 автакөлік осындай кезеңде қауiпсiз жерге көшiрiлді.
"Бұлардың 107-і рейстiк автобус, 209-ы микроавтобус,1936-ы ауыр жүк автокөлiгi және 3112 жеңiл көлiкті құрады. Құтқарылған азаматтар жылыту орталықтарына жеткiзiлiп, ыстық тамақпен қамтамасыз етiлд, - деді бүгінгі Үкімет сағатында В.Божко.
tengrinews.kz