20 мыңнан астам адам Алматыдағы Мәңгілік Алауға гүл шоқтарын қойды
2014 ж. 10 мамыр
2007
0
20 мыңнан астам адам Алматыдағы Мәңгілік Алауға гүл шоқтарын әкеп қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
9 мамыр күні таңертең 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа Ұлы Отан соғысының ардагерлері жиналды. Олар үшін Мәңгілік Алаудың жанында отыратын орындықтар қойылды. Олардың бәріне де Георгий лентасы мен ақ кепеш үлестірілді.
Тура сағат 10:00-да гүл шоқтарын қою салтанатын қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтау сөзімен ашты.
Қала басшысының сөзіне сүйенсек, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 1033 ардагері мен мүгедегі, 1517 соғысқа қатысқандар жесірі, 98 қоршауда болғандар, 65 концлагерь тұтқындары, 20835 тылда еңбек еткендер тұрады екен.
"Биыл Жеңіс күні құрметіне орай, Алматыдағы әрбір ҰОС қатысқандарға 150 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында 14 ардагер мен мүгедекке, ал соңғы уақытта жалпы 153 ардагерге пәтер кілті табысталды. Сөйтіп, Алматыда мұқтаж болған ҰОС ардагерлерінің бәрі тұрғын үймен қамтамасыз етілді", - деп атап өтті Есімов.
Мереке"Астана" алаңындағы мерекелік концертпен жалғасады. Сағат 22.00-де Тұңғыш Президент саябағы мен "Астана" алаңында Жеңіс күні құрметіне арналған отшашумен ұласады.
tengrinews.kz