Күйеуі әйелін бауыздап өлтірген

1349255647_kyhonnuj-noj-ybijstvo-128 сәуір күні Оралға қарасты Рыбцех ауылы маңындағы "ВАЗ-2101" автокөлігінен тамағынан пышақ салынған 25 жасар әйелдің мүрдесі табылды.

Полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, көлікте оның отыз жасар күйеуі болған, ол да мойнынан, кеудесі мен ішінен жараланған.

Ер адамның айтуынша, әйелі бұған шабуыл жасаған, өзі қорғанған. Содан кейін полицияға хабарлаған.

Қазіргі кезде аталмыш ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақпарат