Б.Байбек Гитлерді жариялаған "Аңыз адамға" қатысты пікірін білдірді
2014 ж. 23 сәуір
2657
5
"Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Аңыз адам" журналы айналасында қалыптасқан жағдайға орай өз пікірін білдірді деп хабарлайдыNUR.KZ партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұл жағдайда әсіре эмоциядан тартынып, қызуқандылыққа берілмеген жөн. Барынша байыпты болуымыз керек. Біз еркін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Алайда, сөз бостанығы мен көпэтносты қоғамда тіршілік кешу ең әуелі үлкен жауапкершілік жүктейді. Шын мәнінде, елімізде Ұлы Отан соғысының жалыны шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Сондықтан да, біздің қандай жағдайда да миллиондаған азаматтарымыздың жанына қаяу түсіруге қақымыз жоқ", - деген пікірде Бауыржан Байбек.
"Сіз бен біздің бостандығымызды қолына қару алып, жан аямай қорғаған қазақстандық қаһармандар естелігіне сызат түсіруге болмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық қатынас, тілдік саясат, азаматтық теңдік мәселесі – бұл саяси ойындар алаңы емес деп атап көрсеткен еді. Бұл мемлекет, халық, қала берді, әрбір адам үшін де аса қатерлі", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Ол сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" жобасын іске қосқанын мәлімдеді.
Оның мәні – ардагерлерге көмектесумен ғана шектелмей, қазақстандықтар үшін дәстүрлі – бейбітшілік пен келісім, үлкендерге ізет, бабалар мұрасын көздің қарашығындай сақтау мен олардың ерлігін жадымызда жаңғырту секілді құндылықтарды кеңінен насихаттау.
nur.kz