Ислам ӘБІШЕВ - Су ресурстары комитетінің төрағасы
2014 ж. 21 сәуір
4769
2
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың 2014 жылғы 21 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес Әбішев Ислам Әлмаханұлы ҚР ҚОСРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір жылдай бұрын да Ислам Әбішев осы Су ресурстары комитетін басқарып, ерекше іскерлігімен ел ықыласына бөленген еді. Енді біраз үзілістен соң, су саласының тізгінін қайта алып отыр. Суынан шуы көп Су комитетін басқаруға екі рет келген ержүрек тек осы Исекең болар...
Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының әкімі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы (2012) қызметтерін атқарды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесін қорғап, руханият әлеміне де үнемі қолдау білдіріп жүрген рухы биік қайраткер азаматтың алар асуы биік болсын деп тілейміз.