Оқушыны қағып, денесін лақтырып кеткен жүргізуші 5 жылға сотталды
2014 ж. 10 сәуір
1950
1
Ақтөбеде оқушыны көлігімен қағып, денесін көшеге лақтырып кеткен жүргізушіге бүгін сот үкімі кесілді. 46 жастағы Хамит Қармен енді алдағы 5 жылын түрмеде өткізуі тиіс деп хабарлайды КТК.
Қансырап жатқан баланы қуысқа тастап кеткен қаскөйге 5 жыл тым жеңіл жаза дейді олар. Енді апелляциялық сотқа шағымданбақшы.Сонымен қатар, 9 жасар ұлынан айырылған қаралы отбасыға 5 миллион теңге көлемінде моралдық шығын өтеуге міндеттелді. Әйтсе де үкіммен марқұмның ата-анасы келіскен жоқ.
Осыдан 4 ай бұрын әкесінің жетегінде жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан Ерболат Жұмағалиевті көлік қағып кетіп, жүргізушісі ізін суытқан еді.
Баласынан қалай айырылып қалғанын білмеген әкесі ұлының денесін біраздан соң киылыстардың бірінен тапқан.
Қаскөй бір аптадан соң ұсталды. Хамит Қармен тергеу кезінде қылмысын толық мойындағанымен сот барысында айтқанынан айнып қалды.
КТК арнасы