
SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына оқыс жағдайда қонды. Бұл туралы
Tengrinews.kz тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
"Сағат 10.57-де SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана рейсін орындаған ұшағы апатты жағдайда қонды", - дейді баспасөз қызметкерлері.
Еске салайық, аталған әуе компаниясы ұшақтарына қатысты төтенше оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. 1 сәуірде Астана әуежайында SCAT-тың Бангкок - Астана рейсін орындаған ұшағының шасси дөңгелектері
босап кеткен болатын. Ол кезде бортта 180 адам болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұшақтың қону жолағына тірелген жерінен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.
Tengrinews.kz