Ресей Украинаға сататын газын қымбаттатады
2014 ж. 03 сәуір
1778
0
Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы келесі тоқсаннан бастап Украинаға сататын газының әр текше метрі үшін төленетін бағаны бұрынғы 268.5 АҚШ долларынан 385.5 АҚШ долларына қымбаттататынын хабарлады.
Өткен жылы желтоқсан айында, Украинада саяси дағдарыс басталмай тұрып сол кездегі президент Виктор Янукович Ресей президенті Владимир Путинмен Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім жасасқан еді."Газпромның" бас атқарушы директоры Алексей Миллер МәскеудеУкраинаның Ресей газы үшін төлейтін қарызы 1.7 миллиард АҚШ долларына жеткенін айтты.
"Газпромның" бүгінгі шешімі ол келісімнің күшін жоймақ.