Қаржы полициясы "Қазатомпром" ұлттық компаниясының топ менеджерлерін қамауға алды

milliarderҚаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері "Әлібеков" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы болып табылатын "Сырдария-жоба Құрылыс" ЖШС-нің директоры Р.Әлібековті ұстағандығын бұдан бұрын хабарланған еді. Естеріңізге салсақ, оған фирмасына мердігерлік құрылыс жұмыстарын өткізуге бөлінген "Қазатомпром" ұлттық компаниясының 1,3 млрд теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылуда. Қаржы полициясы аталған қылмысты жасауға қатысы бар деген айыппен "Қазатомпром" ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті және "Қазатомпром-Демеу" ЖШС директоры С.Әбдірәзақовты ұстады. Олар сот санкцясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Қазақпарат