Үйқамақта отырған Гүлнәр Каримованың күйзелісі
2014 ж. 27 наурыз
1782
3
BBC Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримовадан хат алғанын хабарлады.
Сондай-ақ, Гүлнара Каримова швециялық TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясынан пара алды деген күдікке ілінді.Хат иесі Ташкентте үйқамақта отырғанын, қатты психологиялық қысым көргенін және соққыға жығылғанын жазған.
Reuters агенттігінің швед прокурорларына сілтеме жасап хабарлауынша, TeliaSonera 2007 жылы Өзбекстаннан 3G желісі лицензиясын алу үшін Гибралтарда тіркелген, Каримоваға қатысы бар делінетін Takilant фирмасына 2,3 миллиард швед кронын (358 миллион АҚШ доллары) төлеген.
Швейцария прокуратурасы да Каримованың ақша жымқыруға қатысы барын айтқан еді. Оның ісін АҚШ пен Нидерланд та тексеріп жатыр.
nur.kz