Үйлерді су басу кезеңі басталды
2014 ж. 18 наурыз
2084
0
Семейде еріген қар тұрғындарды әбігерге салуда. Қызыл су әсіресе қала шетіндегі жер үйлерді басып жатыр. Үлкен көлшікке айналған ауданға қазір жаяу түгілі, көлікпен кіріп шығудың өзі мұң деп хабарлайды КТК арнасы.
Жұрт өз күшімен бөгеттер орнатуға мәжбүр. Төтенше жағдай қызметі де тасқымен тәулік бойы арпаласуға көшкен. Қаланың орталығында да су сорылып жатқанымен деңгейі төмендемей тұр.
Сергей Скоробогатов екі күннен бері жұмысты да, ұйқыны да ұмытқан. Ауласына су кіріп, көлігі тұрған гаражы мен моншасын басып қалды. Тәулік бойы қызыл судың деңгейін өлшеп жүрген Сергей енді "үйді де су шайып, сергелдеңге түсем бе?" деп қауіптенуде.
"Төтенше жағдайлар қызметі келіп, суды сорып алып жатыр. Өзім де қолымнан келгенше арпалысып жүрмін. Әйтеуір үйге әлі кіре қойған жоқ", - дейді ол.
Қала шетіндегі ықшамауданда осындай ондаған аула қызыл судың астында қалды. Тұрғындар оған ертерек қам жасауға болатын еді дейді. Бірақ, қанша рет жол бойына арық салуды өтінгенімен, ешкім құлақ аспапты.
Су көтерілген соң, құтқарушылар да қауырт жұмысқа кіріскен. Жеке үйлер орналасқан аумақта тәулік бойы қызмет көрсетуде. Тіпті, баспаналарына кіре алмай жүргендерді қолымен көтеріп, қолғабыс жасауда.
Су қала шетіндегі аумақтардан бөлек орталықта да жайылып жатыр. Мәселен мына көшеден су сорылғанымен, деңгейі төмендер емес.