Салық қызметкерлері қылмыстық топқа көмектескен
2014 ж. 13 наурыз
1942
1
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) жалған фирмалар арқылы ақша ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың көптеген сыбайластарын анықтады. Олардың барлығы республиканың бірқатар аймақтарында жұмыс істеген салық қызметкерлері болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы қаржы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенділері - Артур Ким мен Фархад Қалиевті ұстаған болатын. Олар 2009-2011 жылдары республика аумағында жалған кәсіпорындары құру арқылы басқа коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсетіп келген. Сөйтіп, мемлекет қазынасына 2,3 млрд.теңгеден астам шығын келтірді. "Аталған қылмыстық істі тергеу барысында қаржы полициясы қылмыстық топ мүшелеріне көмектескен қаржы министрлігі салық комитетінің әртүрлі аймақтардағы органдарының 18 қызметкерін анықтады", - делінген ресми хабарламада.
Олардың ішінде салық комитетінің тауарларды импорттау бойынша қосымша құн салығын әкімшілдендіру басқармасының бастығы М. Бұлғынов бар. Өткен айда ол сот санкциясымен қамауға алынды. Оған 2009-2010 жылдары Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болған кезде қызмет бабын теріс пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарына тексеріс жасағандай болды. Ал шын мәнінде ондай тексерістер өткізілмеді.
Сондай-ақ Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бұрыңғы бастығы Ж. Нүсіпов қамауға алынды. Ол да екі жыл бойы ұйымдасқан қылмыстық топқа арнайы тексерістерден жалтаруға мүмкіндік берген. Бұған қоса, Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары салық органдарының 16 қызметкері осы іс бойынша күдікті ретінде өтіп жатыр.
tengrinews.kz