Қырым парламенті Ресейге қосылуға шешім қабылдады
2014 ж. 06 наурыз
1651
2
"Қырым Жоғарғы Кеңесі автономия ретінде Ресей құрамына кіру туралы шешім қабылдады" деп хабарлайды РИА Новости ақпарат құралы.
"Қырым автономиялық республикасы Жоғарғы Кеңесі Ресей президенті және Ресей Федарациясы Федералдық жиынына Ресей Федерациясы құрамына РФ субъекті болып кіру процедурасын бастауды ұсынады" делінген шешім мәтінінде.
Сондай-ақ, Қырым автономиялық республикасы статусы туралы референдум 16 наурызға қалдырылды. Шара барысында екі сауал қаралады. "Бірінші - сіз Қырымның РФ субекті болып Ресей құрамына кіруін қолдайсыз ба? Екінші - сіз 1992 жылы қабылданған Қырым конституциясын қалпына келтіруді қалайсыз ба?" дейді Темірғалиев. 1992 жылғы Қырым конституциясы бойынша республика Украина мемлекетінің құрамына кіреді және онымен ара қатынасын келісім-шарттар негізінде анықтайды.
tengrinews.kz