Жалған смс-терді БанкЦентрКредиттің бұрынғы қызметкері таратқан
2014 ж. 24 ақпан
1657
0
Банк ЦентрКредиттің бұрынғы қызметкері Дархан Сәбденов өзі қызмет еткен банкті банкрот деп жалған ақпарат таратқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды.
Жалған ақпаратты смс арқылы таратқан азамат 1984 жылы туылған. Ол Банк ЦентрКредит банкінің несиелерін Алматы аймғындағы бақылау орталығының маманы болып қызмет істеген.Бұл туралы Tengrinews.kz Алматы қаласының прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Прокуратураның дереккөздеріне сүйенсек ол Банк ЦентрКредиттің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпаратты "Юридическая фирма Signum" ЖШС басшысы Әбілқайыр Нақыповқа және осы компанияның қызметкерлері Виктория Трофимовичке, Әйгерім Адамбаеваға жіберген. Аталған азаматтар ақпаратты басқаларға таратқан. Алматы прокуратурасы Сәбденовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабының 1 бөлімі "Алдау және сенімді ақтамау салдарынан біреудің мүлкіне зиян келтіру" бойынша іс қозғалды. Банк ЦентрКредит өкілдері Сәбденовтен өтемақы талап етіп отыр. Сондай-ақ құқыққорғау органдары Сәбденовке қатысты бұрын қозғалған қылмыстық істі қайта қозғамақ. Бұрын Сәбденовке ҚР Қылмыстық кодексінің 251 бабының , 2 бөлімі (Қару жасау, пайдалану, сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалған екен. Алайда қылмыстық іс белгісіз себептермен тоқтатылған. Прокуратура қызметкерлері қазақстандықтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуды сұрайды. Естеріңізге сала кетейік жақында бір апта бойы Банк Центр кредит, Kaspi bank және Альянс банк банроттығы туралы смс-хабарлама WhatsApp-мессенджер арқылы таратылған болатын. Осы жалған хабарламаның кесірінен Kaspi bank салымшылары біраз даурықты. Тіпті банк басшылығы жалған ақпаратты таратқан адамды тапқан адамға 100 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беретінін де айтқан болатын.tengrinews.kz