Тасмағамбетов теңгенің құнсыздануы "пайдалы" болатынына сенімді
2014 ж. 20 ақпан
2173
0
Астана қаласының әкімі теңгенің айырбас бағамындағы өзгеріске ұшырауы ұлттық экономикаға оң ықпал ететіндігін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халыққа есеп беруі кезінде Иманғали Тасмағамбетов теңгенің құнсыздануына байланысты бірінші сәуірден бастап Астананың мемлекеттік мекемелеріндегі азаматтық сала мен өндіріс саладағы ұлттық компания жұмысшыларының жалақысы он пайызға өсетінін атады. Девальвацияға қатысты қала әкімі: "Теңге курсының төмендеуі импорт өнімдерінің басып кетуін тежеп, ішкі нарықтың жандануына және отандық кәсіпкерлердің қолдау табуына, сондай-ақ, мемлекеттің алтын валюта қорының тұрақты сақталуына септігін тигізеді", - деді.tengrinews.kz