Келімбетов ақшаны тек теңгеде ұстайды
2014 ж. 14 ақпан
2062
3
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов "Қазақстан" Ұлттық теле арнасындағы "Apta.kz" бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді. ҚазАқпарат осы сұхбаттың толық мәтінін ұсынады.
Дегенмен қозғалмаған сауалдар да болды.Бұған дейін де бас банкирдің аузынан шыққан сөздер ұлттық арнаның эфирінен қайталанды.
Мәселен, "мұндай қадамнан тұтынушылар зардап шекпей ме?" деген сауалға Келімбетов: "Жоқ, керісінше біз еліміздің тұрғындарының мүддесін ескере отырып бұл шешімге келдік. Жалпы, валютааралық бағамға түзету жасалған соң кейін бағалардың өсуі заңдылық емес пе. Әрбір елде осындай мәселе пайда болады. Осыны ойластыру үшін үкіметпен кеше ғана кездестік. Үкімет ең маңызды тауарларды мысалы, сүт, нан, мұнай сынды тауарлардың бағасын қатаң бақылауға алады", деп жауап берді.
2009 жылы да, қазір де мұнай бағасы ел үшін өте маңызды екенін айта келе, Ұлттық банк төрағасы "Бірақ, бұл да шешуші фактор емес", - екенін атап өтті.
"Бас банкир өзінің ақшасын қайда сақтайды және оны АҚШ долларына айырбастады ма?" - деген сауалға Келімбетов: "Айлық жалақым теңге шотында екінші деңгейдегі банктердің бірінде жатыр. Ақшаны тек қана теңгеде ұстаймын. Өйткені, теңгенің тағдыры - менің жауапкершілігім. Жалақым арқылы жиналған қаражатты алдын ала да, кейін де басқа елдің валютасына ауыстырған емеспін. Менің ойымша, бағамды өзгерту туралы қорытындыға келген топ жұмысты жақсы жасады. Бұл орайда Ұлттық банктің қызметкерлеріне қатты ризамын", - деп жауап берді.
nur.kz