Өткен апталарда оқымысты Леонид Китаев-Смыктың сұхбаты орыс баспасөзінде үлкен дүрбелең туғызды. Профессор әйелді жаппай жалаңаштап жатқан қазіргі моданың себеп-салдарын өз бетімен зерттеп көріп, қорқынышты қорытынды жасаған. Әйелдің әуретін көрсететін қазіргі сән үлгілері адамзатты азғындыққа итермелеп, түбі апатқа ұшыратады. Біз бұдан бас тартпасақ, Құдайдың қаһарына қалып, әлем аренасынан жоғалып кетуіміз мүмкін деп ескертіпті орыс оқымыстысы. Оның сұхбатын қызық болар деген оймен қазақ оқырманына аударып беріп отырмын..
Леонид Китаев-Смык: " ӘЙЕЛДІ ЖАЛАҢАШТАУ ТҮБІ ҰЛТТЫ АПАТҚА ҰШЫРАТАДЫ"
-Сіз бұл тақырыпты неліктен таңдап алдыңыз?
-Менің кітабым соңғы кездері жиілеп кеткен күйзеліс мәселелеріне арналған. Әсіресе еркектер мен әйелдер арасында онкология ауруларын тудыратын себептерді анықтауға тырыстым. Соңғы он жылда еуропа мен америкадағы ер-азаматтар қуық бездерінің қабынуы мен рак сияқты ауруларға жаппай шалдығып жатыр. Қазір әлемдегі еркектердің тең жартысынан аденома табылып отыр. Ал АҚШ-та паталогоанатомдар еркектердің 80 пайызынан осы дерттің белгілерін анықтады. Олардың көбі ауруының асқынған шағына жетпей қайтыс болған екен. Бір қызығы, мұсылман елдеріндегі ер адамдар арасындағы онкологияда мүлде өсім жоқ..
- Неліктен бұлай болып жатыр? Батыс елдерінде медицина жақсы жетілген, өмір сүру деңгейі де әлдеқайда жақсы..
- Соңғы он жылда мода әйел денесінің әуретін көрсетіп, оны жаппай жалаңаштап жатыр. Кіндігі мен қарнын көрсетіп жүру қалыпты жәйтқа айналып барады. Денесіне жабысқан джинсы кию сәнге айналды.. Мен бұларға дәрігер, физиолог ретінде көз саламын. Бұның барлығы еркектің нәпсісін оятады. Қалада өмір сүретіндер күніне осындай 100-200 әйелге сұқтанып қарайды екен. Осыдан кейін кез-келген еркекте құмарту сезімі пайда болады. Іске аспаған құмарлық сезімі қандағы андрпогеннің көлемін көбейтеді..Бұл түбі әртүрлі ауруларға алып келеді. Өйткені ол адамды іштей жегідей жейді. Осыдан кейін дені сау ер-азамат өз басына сау жерден сақина тауып алады..Мәселен, жан-жануарлардың ұрғашысы еркегін іздегенде тек күштілерімен ғана шағылысады. Әлсіздерін қабылдамайды. Шағылыса алмаған әлсіздері кейін «импотент» болып қалады. Табиғат өзі осылайша бәрін реттеп отырады. Қазір ғылым мұндай процестердің адамды да айналып өтпейтінін анықтап отыр. Сән әлеміндегі еркектің нәпсісін қоздыратын құбылыстардың барлығы жаппай «сексуалдық стрестің» тууына түрткі болуда. Осының кесірінен «елеусіз қалған» адам ағзасы өзін іштей күйзеліске түсіреді..
– Батыстың бай әрі дамыған елдерінің өліп-өшіп құлдырап бара жатқанының себебін осыдан іздеуге бола ма?
– Иә, әрине. Бұл өте маңызды тетіктердің бірі. Қазір мен мынандай қорытындыға келіп, оны бүкіл бұқараға жеткізуге талпынып жатырмын: Әйел денесін жалаңаштауға бағытталған мода-еуропалықтарды құрдымға әкетіп барады. Олардың орнын әдеп пен арын сақтаған, сонымен бірге ер-азаматтарын да ардақтай білетін әлемдегі басқа халықтар басатын болады. Мен мұсылман халықтарын меңзеп отырмын..
– Солай дейікші, бірақ Африкада, Азия мен Оңтүстік америкада жартылай жалаңаш қана емес, мүлде жалаңаш жүретін жүретін халықтарда барғой..Бұл жақта климат ыстықтау..Олардың жағдайы қалай болады?
-Мен сізге қарсы сұрақ қояйын..Сіз олардың мәдени деңгейін неліктен бізбен салыстырып отырсыз? Көне гректер мен римдіктерде әйелдің жалаңаш денесіне сұқтанатын культ болғанын білесіз. Бұл олардың түбіне жетті. Қайда қазір олар? Екеуі де әлем картасынан біржола жоғалып кетті. Оларды соғыс жойған жоқ, өз іштерінен іріп-шіріп, жоқ болды..Құран мен Інжілде айтылатын Соддом мен Гоморра туралы ескертулер осыған мысал. Олар табиғаттың заңдылығына қарсы шығып, нәпсінің жетегіне ергеннен кейін сондай күйге түсті. Сол содомизмнің белгілері қазір бүкіл әлемде қайта бас көтеріп жатыр..Гомосексуализм соның бір көрінісі..Бірақ ата-бабаларының дәстүріне адалдықтарынан айнымаған халықтар әлі де бар. Қазіргі славяндардың арғы бабалары да осындай болатын.
Біздің киімдеріміз әйелдеріміздің денесін түгел жауып тұрған. Әдеп пен ардан атамаған олардың сол киімдері қандай керемет еді! Ал қазіргі әйелдердің көбі берісі төстерін ашып, арысы аяқтары мен сандарын жалаңаштап, еркектердің көзіне түсу үшін бір-бірімен жарысып жатыр. Олар осылайша «жаппай жоюға арналған қаруды» өз қолдарымен іске қосқандарын сезбей жүр.
– Құрып бара жатқан батысқа еліктемес үшін Ресей нақты не істеуі керек? Бізде бір қиындық бар..Осынша үлкен аймақты бір ғана емес, бірнеше ұлттар мен ұлыстар мекен етеді. Көне римдіктер мен гректер сияқты жолғалып кетпес үшін барлығыз бас қосып бірдеме істией аламыз ба?
– Әрине. Мемлекеттің тізгінін ұстап отырғандар «Моданы сәл-сәл өзіміздің ескі дәстүрімізге қарай бұрайық!» деген ұран тастаса жетіп жатыр. Діннен бастау алатын мұндай мәдени дәстүр барлық халықтарда бар..Оларды қайта түлетуіміз керек. Көп нәрсе әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігіне байланысты....
-Бәрі біздің басшылардың қолында екен. Олар үлгі көрсете ала ма?
-Қытай қазір бәрін киіндіріп жатырғой..Тапсырыс түссе олар қандай киім болсын тігіп береді..Тек ниет болса болғаны..
ӘЙЕЛДІ ЖАЛАҢАШТАУ ТҮБІ ҰЛТТЫ АПАТҚА ҰШЫРАТАДЫ
2014 ж. 25 қаңтар
2360
1