«Еркін сөз» байқауының жеңімпаздары анықталды
2024 ж. 17 қараша
147
0
Алматы қаласында өткен «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы аясында елдегі қаржы тақырыбына арналған байқаудың жүлдегерлерінің есімі анықталды.
Айта кетейік, қордың мерейлі күнтізбесімен қатар келген іс-шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы қос байқаудың үздік авторларының жүлдесін елімізге келген мәртебелі меймандар мен қазақ журналистикасының ардагерлері, елімізге танымал тұлғалар табыс етті.
Байқау қорытындысы бойынша «Еркін сөз» – 2024 байқауының Бас жүлдесі «Үздік телесюжет» аталымын КТК арнасының тілшісі Ұлан Нұрахметке берілді.
«Үздік мақала» аталымын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Елігімай Төңкер жеңіп алды.
«Сайттағы үздік мақала» аталымы atrpress.kz сайтының тілшісі Амандық Сағынтайұлыға бұйырды.
Жеңімпаздар диплом, статуетка және 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.
Ал «Еркін сөздің» арнайы сыйлықтары: Жолдасбек Дуанабай атындағы сыйлық – Әділет Амангелдіге;
Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық – Бағлан Тұрғанбекке;
Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық – Эльмира Жүрсінбекқызына,
Айнұр Сыдықова атындағы сыйлық – Мерей Алайдарға берілді.
Qazaquni.kz