"Журналистика талаптарын сақтамайды". Аида Балаева аноним телеграм-арналар туралы пікір білдірді
2024 ж. 30 қазан
376
0
Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аноним телеграм-арналарға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомство басшысы сот шешімімен келіспегендер үкімге қарсылық білдіре алатынын айтты.
Анонимді Telegram арнасы БАҚ-қа жатпайды. Бүгінде заңды сұрақ – неге кәсіби журналистер аноним телеграм-арналардың журналистерін қорғап жатыр? Жасыратыны жоқ, көбісі бұл анонимді Telegram арналарынан зардап шекті, себебі олар журналистика талаптарына, яғни ашықтық пен шынайылықты сақтамайды. Ал шағымды кәсіби журналист Гүлжан Ерғалиева түсірген. Мен оны кәсіби журналист ретінде білемін, бірақ, шынын айтсам, Әділбековті танымаймын, - деді министр.
Бұған дейін «Дикая Орда» анонимді Telegram-арнасының авторы 4 жыл 6 айға сотталғанын жаздық.