МАҚТААРАЛДА 30 АЗАМАТҚА «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

МАҚТААРАЛДА 30 АЗАМАТҚА «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

25 қазан – Республика күні қарсаңында Мақтаарал ауданында 30 азаматқа «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, құттықтау сөзін жеткізді. 

«Әрине, бұл азаматтардың барлығы да ауданымыздың өркендеуіне, дамуына елеулі үлес қосқан, еселі еңбегінің арқасында абырой биігіне көтерілген алдыңғы аға буын өкілдері. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, мәдениет, мемлекетік қызмет, құқық қорғау т.б. салаларда белсенді еңбек еткен және әлі де еңбек етіп жүрген азаматтарымыз бар. Бұл кісілердің өмір жолы, еткен еңбегі кейінгі буын үшін үлгі-өнеге болып қалатынына мен кәміл сенемін. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық және жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» - деді, Бейсенбай Тасболатұлы. 

Айта кетейік, Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы №29/315-VI шешімімен бекітілген «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру қағидасының 3-тармағымен аудандарда «Түркістан облысы қаласының, ауданының Құрметті азаматы» атағын беру тәртібі айқындалған. 

Биыл мәслихаттың 30 жылдығына орай 30 адамға «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп отыр.