БИЫЛ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ӨЗГЕРМЕЙДІ
2022 ж. 05 тамыз
817
0
Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылады. Яғни оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады.
Ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағымдар болғаны белгілі. Осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою жөнінде шешім қабылдады.
«Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады. Бұл нақты жеткізушілерге талап қою тәуекелдерін барынша азайтып, қолжетімді форманы сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетілетінін атап өтемін. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қолдау көрсетіледі», - деді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
qazaquni.kz