Итін тұмылдырықсыз серуендеткені үшін әйелді басынан атып тастаған
2022 ж. 07 қыркүйек
1192
0
Мәскеуде итімен серуендеп жүрген әйелді атып кеткен. Қайғылы оқиға Троица ауылында болды.
Бұл туралы Qazaquni.kz ақпарат агенттігі Kazanfirst сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыптылар кешкі серуенге шыққан. Жолда белгісіз ер адам итті тұмылдырықсыз серуендеткені үшін оларға ескерту жасаған. Оған 49 жастағы Татьяна Новикова жауап берген. Ер адам әйелді сол үшін басынан атып кеткен, деп хабарлайды Telegram 112 арнасы.
Ссындай нұсқамен қаза тапқан әйелдің күйеуі бөлісті. Ол кісі өлтірушінің қандай екені есінде жоқ екенін айтты.
Telegram арнасының мәліметінше, өлтірілген әйелдің күйеуі РФ Ішкі істер министрлігінің зейнеткері.
6 қыркүйекке қараған түні 52 жастағы Юрий Новиковтың үйіне тінту жүргізілді. Әйелін өлтіру кезінде ер адамда болған қару, патрондар мен киімдер тәркіленді.
Тергеушілер бұрынғы қауіпсіздік қызметкерінің нұсқасының шынайылығын тексеріп жатыр.