Бірінші сынып оқушылары тек ана тілінде білім алады
2022 ж. 01 тамыз
1307
1
1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Бұл шешімді қолдаған депутаттар, өзге елдерде балаға ең алдымен ана тілінде сауат аштыратынын айтады.
«Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар», — дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.
Ал, тілтанушы ғалым Таңат Аяпова «Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жасының деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осылайша шет тілін 3-сыныптан бастап енгізген дұрыс», — дейді
Abai.kz