Павлодар облысында Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды
2022 ж. 08 сәуір
1310
0

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді» делінген хабарламада.