Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы екі компанияның басшылары қамауға алынды
2022 ж. 04 сәуір
852
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Сатыбалды, Г. Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.
Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан.
Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, Қ. Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.