Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды
2022 ж. 03 ақпан
1185
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
***
Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы 2022 жылғы 03 ақпан Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан,
Ақорда,
2022 жылғы 3 ақпан