Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды
2022 ж. 17 қаңтар
1188
0
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Қазақ үні Ақордаға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді.
«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында» делінген хабарламада.