Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясы мүшесі Мақсат Раманқұлов "Жыл депутаты" атанды
2021 ж. 25 желтоқсан
1839
2
Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов "Жыл адамы - 2021" байқауында "Жыл депутаты" атанды.
«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2021 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды. Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2021 жылдың үздіктерін анықтады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай таңдалған «Жыл адамы – 2021» байқауының жеңімпаздары қатарында Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Мақсат Раманқұлов та бар.
Мақсат Раманқұлов 2021 жылы бірқатар өзекті тақырыптарды көтеріп, депутаттық сауалдарды жолдады. Олардың арасында коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің жалақысын қалпына келтіру, толық вакцина алған шағын және орта бизнестің жұмыс уақытын шектемеу, салықшылардың халықты тонамай, офшорлардағы миллиардтарды қайтаруды, әлеуметтік саладағы қарапайым жұмысшылардың жалақысын көтеру сынды бірқатар батыл талаптар бар. Сонымен қатар, халық қалаулысы Қарағандыдағы «Абай» шахтасында кеншілердің қаза тапқанын мысалға келтіре отырып, осындай жұмысы қауіпті мамандардың зейнет жасын қайтару мәселесіне баса тоқталды.
"Жыл адамы - 2021" жеңімпаздарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.